"Палестинаның жанындамыз"

Премьер-министр Израильді қатаң түрде айыптады.

970770
"Палестинаның жанындамыз"

Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-тың Израильдегі өкілетті елшілігін Иерусалимге көшірілуі барысында көптеген палестиналықтың шейін етілуіне "Бұл - опасыз қырғын.  қатаң түрде айыптаймыз" деп нарызылық білдірді. 

Бинали Йылдырым былай деді: "АҚШ елшілік ашу үшін Израильмен бірге Иерусалимде тойлап жатыр. Сонымен бірге өз құқықтарын,  тәуелсіздіктерін, көбі басып алынған отандарын құтқару,  дауыстарын әлемге жеткізу үшін қарусыз жастар нараылық білдіргенде Израиль әскері аямастан палестиналықтарды шейіт қылуда. Екі мыңға жуық адам жарақат алды.  Бұл - опасыз қырғын. Қатаң түрде айыптаймыз" деді. 

Мұның ашық арандатушылық және Палестина мемлекетін жоқ деп есептеу екенін білдірген премьер-министр: "Өкінішке орай, Америка бейбіт халықты қырған Израиль әкімшілігінің жанында,  адамзат қылмысына ортақ болуда.  Мұны біз қабылдамаймыз" деді. 

Йылдырым бұл арандатушылықтың өңірдегі проблемаларды асқындыра түсетінін, Палестина мәселесіне терең із қалдыратынын айтты.  "Өңірде тұрақтылық пен бейбітшілік қиындай түседі.  Осы тұрғыдан Түркия ретінде Палестина еркіндігіне қауышқанға дейін бауырларымыздың жанындамыз" деді ол. 

 



Ұқсас жаңалықтар