Президент АҚШ-тың FETÖ басшысын қорғағанын атап айтты

Президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы «FETÖ»-нің қорғаушысының АҚШ екенін атап көрсетті.

956541
Президент АҚШ-тың FETÖ басшысын қорғағанын атап айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы «FETÖ»-нің қорғаушысының Америка Құрама Штаттары (АҚШ) екенін атап көрсетті.

АҚШ-қа үн қатқан Ердоған «Бұл адамды еліңізден не үшін шығармайсыңдар?» деді.

Жекеменшік бір арнаның сұрақтарына жауап қайтарған Ердоған FETÖ-мен күресте тағы бір рет тұрақтылыққа назар аударды.

FETÖ мен оның басшысын қорғаған АҚШ-қа үн қатқан Ердоған «Бұл адамға қазір АҚШ ие шығуда, оны АҚШ қорғайды және 40 гектарлық алаңда емін еркін өмір сүреді. Бір қылмыскерді екі жақты қылмыскерлерді ұстап беру келісіміне сәйкес депортация жасаудың жолы жоқ па? Бұл адамды неліктен елінен шығармайсың, сен арамызда жасалған келісімге бағынбайсың!» деді.

FETÖ мүшесі 83 адамның шетелден Түркияға әкелінгенін атап көрсеткен Ердоған FETÖ-ге бағытталған операциялардың да жалғасатынын білдірді.

Президент Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-мен күресте залалсыздандырылған террорист санын да жариялады.

Ердоған «Қазір Сирияның Африн аймағында 4 мың 254 террорист залалсыздандырылды. Ирактың сол түстігінде 346, ел көлемінде 240 террорист залалсыздандырылды» деді.

Президент Ердоған террормен күрестің әрі ел көлемінде, әрі шетелде тұрақтылықпен жалғасатынын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар