Ердоған Стамбулда Глобал іскерлер конгресінде сөз сөйледі

Ердоған барша әлемді жаңа бір бейбітшіліктің іргетасын қалауға шақырды.

Ердоған Стамбулда Глобал іскерлер конгресінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған барша әлемді жаңа бір бейбітшіліктің іргетасын қалауға шақырды.

Ердоған Стамбулда Глобал іскерлер конгресінде сөз сөйледі.

Баяндамасында Сириядағы жай халықтың қаза тапқанына назар аударған Ердоған «Келіңдер, осы әлемде жаңа бір бейбітшіліктің іргетасын қалайық» деген мәлімдеме жасады.

Жай халықтардың өліміне себеп болған елдердің аузынан бейбітшіліктің түспегенін баяндаған Ердоған әлем лидерлерін дұрыс және шынайы болуға шақырды.

Сенбі күні таңертең Сирияда химиялық қару қолданған Башар Асад режиміне қарсы Америка Құрама Штаттарының басшылығында жасалған операцияға да тоқталған Ердоған «Олар біз химиялық қару қолданғандары үшін бомбаладық дейді. Жаппай жойғыш қарулар қолданғандарды былай қойып, тек химиялық қарулармен өлтіргендерге шоғырлану әділетті бола ма?» деді.

Түркияның босқындар үшін осы таңға дейін 31 миллиард доллар жұмсағанын баяндаған Ердоған Еуропа Одағының босқындардың қажеттілігін қамдау үшін Түркияға 6 миллиард евро беруге уәде бергенін, бірақ бұл уәдені орындамағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар