14 террорист залалсыздандырылды,  олардың бірі тірілей қолға түсті

Ағрыда әскери әрекет жалғасуда.

14 террорист залалсыздандырылды,  олардың бірі тірілей қолға түсті

Арарат тауы (Түрікшесі – Ағры тауы) аймағында жалғастырылған операцияларда соңғы он күнде 14 террорист залалсыздандырылды,  олардың бірі тірілей қолға түсті.

Ағры акиматының хабарламасында қалалық жандармеерия қолбасшылығының террорлық ұйым PKK мүшелеріне бағытталған операциясы барысында кеше екі әскердің шейіт болғаны еске салынды.

Аймақта ауқымды әскери әрекет басталды.

Хабарламада: «Атқарылған операция нәтижесінде террор ұйымының 8 мүшесі залалсыздандырылды.  Қалада соңғы он күндегі операцияда бірі тірі,  барлығы 14 террорист залалсыздандырылды.  Операция үздіксіз жалғасуда» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар