Ирактағы операцияда террор ұйымы басшыларының бірі залалсыздандырылды

Террор тізімінде "қызыл категорияда" орын алған Бирдал Бурханлы залалсыздандырылды.

Ирактағы операцияда террор ұйымы басшыларының бірі залалсыздандырылды

Түрік қарулы күштері тарапынан Ирактың солтүстігінде жалғасқан операцияларда террор тізімінде «қызыл категориямен» іздеу салынған Бирдал Бурханлы атты террорист залалсыздандырылды.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігі Хакурк-Кани, Раш аймақтарында 21 наурыз күні жасалған әуе шабуылында іздеу салынғандар тізімінде «қызыл категорияда» орын алған және ұйымда «Агири Мазлум Пирдоған» деп аталған Бирдал Бурханлының залалсыздандырылғаны білдірілді.

Бурханлының террор ұйымының Хакурк уәлаяты жауапкері екені алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар