Ел көлеміндегі операцияда 6 террорист залалсыздандырылды

Операцияда ұйым мүшелеріне тиесілі қару мен зымырандар тәркіленді.

942035
Ел көлеміндегі операцияда 6 террорист залалсыздандырылды

Османийеде Аманос таулары ауылдық аймағында бөлшектеуші террор ұйымына жасалған әуе шабуылында 6 террорист залалсыздандырылды.

Қауіпсіздік күштері PKK-ға бағыттаған операцияларда Аманос ауылдық аймағында бір топ террорист анықталды. Артынан соғыс ұшақтары операция жасады.

Операцияда 6 террорист залалсыздандырылды, ұйым мүшелеріне тиесілі қару мен зымырандар тәркіленді.

Аймақтағы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Тунжели ауылдық аймағында жүргізілген операцияларда да 3 террорист залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар