Террормен күрес операцияларында 14 террорист залалсыздандырылды

Ел көлемінде және Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымына бағытталған операциялар жалғасуда.

Террормен күрес операцияларында 14 террорист залалсыздандырылды

Ел көлемінде және Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операцияларда 14 террорист заласыздандырылды.

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Шырнак ауылдық аймағында бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерінің шабуыл дайындығында екені анықталды.

Террористтерге әуеден қолдаумен жасалған операцияда 2 қарулы террорист залалсыздандырылды.

Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында террор ұйымы PKK лагерлеріне бағытталған операцияда 8 террористің көзі жойылды.

Осылайша 10 наурыз күнінен бастап жалғасқан операцияларда залалсыздандырылған террорист саны 38-ге ұласты.

Операцияларда PKK-лық террористтер тарапынан қойма ретінде қолданылған үңгір мен баспана да жойылды.



Ұқсас жаңалықтар