Хакан Чавушоғлұ Ұланбатырға барды

Хакан Чавушоғлұ екі күндік ресми сапармен Монголияның астанасы Ұланбатырға барды.

Хакан Чавушоғлұ Ұланбатырға барды

Премьер-министрі орынбасары Хакан Чавушоғлұ Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ның гуманитарлық перспективалық бір жәрдем ұйымы екенін айтты.

Чавушоғлұ екі күндік ресми сапармен Монголияның астанасы Ұланбатырға барды.

Хакан Чавушоғлұ Монголия жол және қатынас министрі Жадамба Бат-Эрденемен кездесті. Екі министр Түркия мен Монголия арасындағы экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерді, егін  және мал шаруашылық саласындағы инвестицияларға байланысты тақырыптарды қолға алды.

Чавушоғлұ Түркия мен Монголия арасында әуе көпірінің құрылуы керектігіне назар аударып, осы аяда Түрік Әуе жолдарының тікелей рейстерін бастауының әрі туризм, әрі инвестиция тұрғысынан өзара пайда түсіретіндерін білдірді.

Монголия жол және қатынас министрі Жадамба Бат-Эрдене болса, әсіресе ТИКА-ның Монголиядағы жұмыстарына риза екенін баяндап, дос және бауырлас Түркиямен әр салада ынтымақтастықты күшейткісі келгендерін мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар