"TRT AVAZ телеарнасын жаңалаймыз"

TRT бас директоры Бакуде болды.

931393
"TRT AVAZ телеарнасын жаңалаймыз"

TRT бас директоры Ибрахим Ерен Түркістан және Кавказ аймағындағы істерін кеңейте түсетіндерін айтып: «TRT AVAZ телеарнасы Түркістан аймағына бағытталған. 2018 жылы  осы арнамызды жаңалаймыз, өзгерістер енгіземіз. Осы елдердегі студияларда бағдарлама жариялап, өңірдегі мәдени ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отырмыз» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырыммен бірге Әзірбайжанға барған бас директоры Ибрахим Ерен Анадолы агенттігінің Баку кеңсесіне барды.

Ерен TRT ретінде түрік әлемі,  Түрік-Ислам жағрапиясында жақын қатынастар құруға, өңірмен арадағы байланыстарды арттыруға және нығайтуға үлес қосатын жобалар жүргізуге жұмыстанғандарын атап көрсетті.

Алдағы уақытта осы өңірден Анадолыға келген дана-ғұламалардың деректі фильмдері мен көркем фильмдерін түсіруге ниетті екендерін білдіріп,  Ерен: «TRT Avaz телеарнасы Түркістан өңіріне бағытталады. 2018 жылы осы арнамызға өзгеріс енгіземіз» деді.

Биыл Әзірбайжан Халық Республикасы және Бакуді армян және большевиктерден құтқарған Кавказ Ислам армиясының 100 жылдығы тойланатынын еске салған Ерен: «Әзірбайжанның ұлттық ақыны Ахмет Джевадтың деректі фильмін түсіреміз. Оның өлеңдерінен тұратын 12 туындыдан тұратын симфониялық концерт ұйымдастырамыз.  Анкарада немесе Бакуде немесе екі қалада да осы шараны атқарамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар