Түрік әскерлері Афринде

Зәйтүн бұтағы операциясы аясы жалғасуда.

Түрік әскерлері Афринде

Түрік әскерлері Афринде.

Түрік Қарулы Күштері Сирияда жалғастырған Зәйтүн бұтағы операциясы аясында жүргізілген операциялар нәтижесінде 2018 жылы 12 наурыз күнінен бастап, Африн қаласы орталығын бақылау астына алды.

Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы Африн қаласы орталығын қоршау астына алса, оңтүстіктен қала орталығынан кеткісі келген халықтардың қауіпсіздігі үшін коридор мүмкіндігін жасады.

 Магаражык және Дермешканлы аймағымен қатар 177-сі ауыл, 37-сі стратегиялық түйін болып, жиыны  214 елді мекен бақылау астына алынды.

Осы барыста Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде «Шекара және аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, Сирияның солтүстік-батысындағы Афринде PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасқаны» баяндалып, залалсыздандырылған террорист санының 3393-ке  ұласқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар