Террор ұйымы жақтаушылары мешіт пен асханаға шабуылдады

Германияда мешіттерге және кәсіп орындарға бағытталған шабуылдар жалғасуда.

Террор ұйымы жақтаушылары мешіт пен асханаға шабуылдады

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG жақтаушылары Германияда мешіт пен асханаға шабуылдады.

Дін істері Түрік-Ислам Одағына (DİTİB) тиесілі Кельн Калк Әйюб Сұлтан мешітіне азанғы уақытта шабуылдаған PKK/PYD-YPG террор ұйымы жақтаушылары мешіттің дуалдарына бояулар шашыратып, мұсылмандарды қорлайтын сөздер жазды және әйнектерін сындырды.

DİTİB төрағасы профессор Невзат Яшар Ашыкоғлу шабуылдың артынан мешітті аралап, журналисттерге мәлімдеме жасады.

Мешітке жасалған шабуылдар себепті өкінгенін атап айтқан Ашыкоғлу «Соңғы кездері мешіттерімізге деген шабуылдар артты. Бұл бізді өкіндіріп, қинайды. Тез арада қажетті шаралардың қабылдануын, шабуылдардың тоқтауын тілейміз» деді.

Ашыкоғлу бұл шабуылдардың түрік қоғамы сияқты неміс қоғамына да қауіп төндіргенін атап көрсетті.

Түркияның Кельн бас консулы Джейхун Эрджийес те шабуылданған мешітке барып, мешіт жамағатымен бас қосты.

Террор ұйымы жақтаушылары Берлиндегі «Түркийем» атты асханаға жергілікті уақытпен 01:10-да таспен шабуылдады. Шабуылда асхананың әйнектерін сындырып кетті.

Асхананың қожайыны Халил Кая жасаған мәлімдемеде жергілікті уақытпен 01.10-да 3 күдіктінің асхананың алдында тұрып алып, 5-6 рет тас лақтырғанын, шабуыл кезінде адамдардың тамақ ішіп жатқанын атап көрсетті.

Кая полициядан көлікте бір шабуылдаушының отырғанын, нөмірін жауып алған көлікпен келген шабуылдаушылардың табылуын талап етті.

Түркияның Берлин бас консулы Мұстафа Челик шабуылдың артынан асханаға келіп оқиға жайлы ақпарат алды.



Ұқсас жаңалықтар