Сыртқы істер министрі Мәскеуде Манбидж жоспарын бағалады

Мевлүт Чавушоғлу Сирияның Манбидж ауданында Түркия мен АҚШ-тың қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

928597
Сыртқы істер министрі Мәскеуде Манбидж жоспарын бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG Манбиджтен шегінген соң Түркия мен АҚШ-тың осы жердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Екі жақты байланыстар үшін Ресейдің Мәскеу қаласына барған Чавушоғлу АҚШ-тық әріптесі Рекс Тиллерсонмен 19 наурыз күні Вашингтонда болып өтетін кездесуде Манбиджтегі жағдайды нақтылай түсетіндерін білдірді.

«YPG бар аймақтарда тұрақтылықты қалай қамтамасыз етуге болады, кімнің басқаратынын қалайша шеше аласыз?» деген Чавушоғлу негізгі ереженің тұрғын санымен байланысты әкімшілік құру керектігін атап айтты.

YPG-нің міндетті түрде орын алмайтынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Манбиджтен YPG шегінген соң ол жерде түрік және АҚШ әскерлері қалады. YPG-нің шегінуін қадағалаймыз. Осы жердің қауіпсіздігін АҚШ пен Түркия қамтамасыз етеді. Алдымен бұл моделді Манбиджте іске қосамыз, кейін басқа аймақтарға да орнатамыз. Бұл Ракка үшін де, Евфрат өзенінің шығысындағы YPG бақылауындағы жерлер үшін де солай болмақ» деді.

Чавушоғлу басылатын барлық қадамдардың бір күнтізбеге бағынышты екенін атап, «19 наурыз күнгі жиналыста жол картасы нақты түрде күнімен бірге белгіленеді. Қанша уақытта жүзеге асады, басқа аймақтарға қалай өтіледі сол жерде нақтылаймыз. Соңғы жиналысымызда көзқарас айырмашылықтары болса да, ортақ бір түсінікке қарай бағыт алдық» деді.

Қазір Манбидж тақырыбында Сирия режимінен кезкелген бір талаптары болмайтынын білдірген Чавушоғлу АҚШ тарапынан YPG-ге берілген қаруларды қайта жинау тақырыбын да қадағалайтындарын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар