Диярбакырда 2 әскер шәйіт болды

Губернаторлық жасаған мәлімдемеде екеуі ауыр күйде барлығы 5 әскердің жарақат алғанын білдірді.

Диярбакырда 2 әскер шәйіт болды

Диярбакыр Диджле ауданында PKK-лық террористер жолға алдын ала орналастырған бомба жарылды, шабуылда 2 әскер шәйіт болды, 5 әскер жарақат алды.

Губернаторлық жасаған мәлімдемеге қарағанда Диджле ауданының солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы жалғасқан операция барысында террористтер жолға төсеген бомбаны жарды.

Мәлімдемеде жарылыста 2 әскер оқиға орнында шәйіт болды, екеуі ауыр күйде 5 әскердің де жарақат алғаны білдірілді.

Жаралы әскерлер ауруханаға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар