Мемлекеттік әнұранның қабылданғанына 97 жыл толды

Басшылар Мемлекеттік әнұранның қабылдану жылдығына орай жолдама жариялады.

Мемлекеттік әнұранның қабылданғанына 97 жыл толды

Президент Режеп Тайып Ердоған  12 наурыз Мемлекеттік әнұранның қабылдануы және Мехмет Акиф Эрсойды еске алу күніне орай жариялаған жолдамасында Мемлекеттік әнұранның майданда батыр әскерлердің қажымас қайраты мен нанымын, Анадолы жерінде қасиетті ұттың тұрақтылығы мен отан сүйіспеншілігін ортаға қойғанын атап, «біріктіруші мәтіні бар» деп бағалады.

Мемлекеттік әнұранның ұлтазаттық соғыс жалғасып жатқан кезде жазылғанын, соғысқа қарқын бергенін және Түркияның бағытын белгілегенін атап көрсеткен Ердоған «Мемлекеттік әнұран Республика құрылған кезде толық мағынада ‘жол картасы’ болды. Ұлтазаттық соғысты басқарған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің күші, тұрақтылығы, әскеріміздің майдандағы пидақорлығы, қажымас қайраты, отан сүйіспеншілігі Мемлекеттік әнұранда ашық түрде көрінеді» деді.

Ердоған «Мемлекеттік әнұранымыз 97 жыл бұрын жазылғанмен идеологиясы нысаналары тұрғысынан негізінде ұлт тарихы сияқты терең, біріктіруші мәтіні жарқын болашаққа бағыт беретіндей жаңа» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Кахраман да Мемлекеттік әнұранды қабылдау күні жылдығына орай жолдама жасады.

Кахраман жолдамасында «Көгілдір аспанда желбіреген ақ-қызыл жалауымыздың үн қосылған манифесті ретінде Мемлекеттік әнұранымыздың тіліміз бен көңілімізден мәңгі өшпеуін тілеймін» деді.

Мәжіліс төрағасы Кахраман Мехмет Акиф Эрсойдың барлық мұсылмандардың жүректерінің бірдей соғуы үшін күрескенін атап көрсетті.

Кахраман Мұсылмандардың бірлігі мен бауырластығына деген сенімін дүниеден озғанша сақтаған Мехмет Акифтің Мемлекеттік әнұранда да бұл міндетін ең керемет сөздермен тілге тиек еткенін атап көрсетті.

Мәжіліс төрағасы «Болашағымыздың құрушысы, болашағымыздың кепілі барлық шәйіттеріміз бен ардагерлерімізді Алланың рақымшылығымен еске алып, Алла Тағала қасиетті ұлтымызға қайта Мемлекеттік әнұран жазғызбасын деп тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар