"Түрік армиясын ешкім тоқтата алмайды"

Министр Чавушоғлу Сирия режимі күштерінің Афринге кіруге дайындалғаны жайлы хабарларды бағалады.

"Түрік армиясын ешкім тоқтата алмайды"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу  Сирия режиміне қарасты жасақтар Афринге бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG күштерін қорғау үшін кірген жағдайда Түркияны ешкімнің тоқтата алмайтынын атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен барған Иорданияның бас қаласы Оманда әріптесі Эймен эс-Сафедимен оңаша және делегация аралық кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Министр Чавушоғлу Сирия режиміне қарасты күштердің Афринге кіруге дайындалғаны жайлы хабарларды бағалағанда «Сирия YPG-ді тазалау үшін кіретін болса мәселе жоқ. Бірақ YPG-ді қорғау үшін кіретін болса Түркияны онда ешкім тоқтата алмайды» деді.

Чавушоғлу Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында «PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ»-ке мүше террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару үшін 20 қаңтар күні бастаған Зәйтүн бұтағы операциясының террористік ұйымды бұл аймақтан жою екенін атап көрсетті.

Түркияның әрқашан Сирияның шекара тұтастығына назар аударғанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Режим күштері осы жерге кіре ме, кірмей ме, кіретін болса не үшін кіреді бұл маңызды. Егер де PKK террор ұйымын тазалауға кіретін болса мәселе жоқ. Бірақ YPG-ді қорғау үшін кіретін болса, бізді түрік армиясын ешкім тоқтата алмайды. Бұл Африн үшін де, Мүнбидж үшін де, Евфрат өзенінің шығысы үшін де осылай» деді.



Ұқсас жаңалықтар