Министр Чавушоғлу Иорданияға барады

Екі күнге жалғасатын сапары барысында министр Чавушоғлу король Абдуллах тарапынан қабылданады.

Министр Чавушоғлу Иорданияға барады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иорданияға барады.

Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы үшін Германияға барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Германиядан Иорданияға өтетіні білдірілді.

Чавушоғлу алдымен Өкілетті елшілік ғимаратында түрік азаматтарымен бас қосады.

Кейін Иордания Сыртқы істер министрі Эймен Эс-Сафадидің қонақасыға қатысады.

Екі министр ертең оңаша кездеседі. Чавушоғлу Иордания королі Абдуллах ибн-Хүсейин тарапынан қабылданады.

Қабылдауда екі ел ынтымақтастығына қоса Палестина мен Сирия тақырыптарынан бастап, аймақтық тақырыптардың қолға алынатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар