Сирияда террордан тазаланған жерлердің саны 52-ге ұласты

Зәйтүн бұтағы операциясында тағы бір ауыл террордан тазаланды.

Сирияда террордан тазаланған жерлердің саны 52-ге ұласты

Түрік қарулы күштері және Еркін Сирия армиясы Сирияның Африн аймағында жүргізгендері Зәйтүн бұтағы операциясында тағы бір ауыл азат етілді.

Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Зәйтүн бұтағы операциясының 25-ші күнінде Африннің солтүстігіндегі Бұлбұл ауданына қарасты Өмер Симо ауылын PYD/PKK-дан құтқарды. Түрік қарулы күштері және операцияларға қолдау берген Еркін Сирия армиясы операция басталған 20 қаңтар күнінен бастап, PYD/PKK басқыншылығындағы Африннің 5 ауданында біреуі аудан орталығы, 34 ауыл, 3 ауыл маңындағы тұрғын аймағы және стратегиялық тау мен төбелерден тұратын 52 жерді террор ұйымынан құтқарды.

Операциялар террор ұйымының нысаналарына үздіксіз жалғасуда. Анықталған террор нысаналары атқыланды.



Ұқсас жаңалықтар