Премьер-министр Бинали Йылдырым Германияға барады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Германия канцлері Ангела Меркельмен 15 ақпан күні Берлинде бас қосады.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Германияға барады

Неміс үкіметінің мәлімдемешісі Стеффан Сейберт жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Йылдырым мен Меркельдің жергілікті уақытпен 16:00-да бас қосатыны және артынан баспасөз жиналысы өткізілетіні атап көрсетілді.

Берлиндегі бас қосудың артынан Халықаралық Мюнхен Қауіпсіздік конференциясына қатысу үшін Мюнхенге өтетін премьер-министр Йылдырым сол жерде бір баяндама жасайды.

Премьер-министр Йылдырым мен қасындағы делегацияның басқа елдердің өкілдерімен оңаша және делегация аралық кездесулер өткізуі күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар