Кипр понтилері мен Грекияға президенттен ескерту

Президент Режеп Тайып Ердоған Кипр понти әкімшілігі мен Грекияға ескерту жасады.

Кипр понтилері мен Грекияға президенттен ескерту

Президент Режеп Тайып Ердоған Кипр понти әкімшілігі мен Грекияға ескерту жасады.

Ердоған понти әкімшілігінің Шығыс Жерорта теңізіндегі бір жақты табиғи газ іздеу жұмыстарына, Грекияның да Эгей теңізіндегі заң бұзушылықтарына наразылық білдіріп,  ескерту жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында сөз сөйледі.  Ердоған осында Кипр понти әкімшілігінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтарын елеместен Шығыс Жерорта теңізінде табиғи газ іздей жұмыстарына,  Грекияның да соңғы кездегі Эгей теңізіндегі заң бұзушылықтарына наразылық көрсетті.

«Кипр маңындағы табиғи газ іздеу және Эгей теңізіндегі жартастарға байланысты оппортунистік қадамдар назарымыздан тыс деп ойламаңыздар. Кипрде және Эгейде шектен шыққандарға ескерту жасаймыз. Түркия тарих,  келісім-шарттар және халықаралық құқықтан туындайтын барлық құқықтарын аяғына дейін қадағалайды» деді ол.

Ердоған: «Біз үшін Африн не болса,  Эгей теңізіндегі,  Кипрдағы құқықтарымыз да сондай» деді.

Аймақтағы оқиғаларды жақыннан бақылап отырғандарын атап көрсеткен президент: «Әскери кемелеріміз, әуе күштеріміз қажет болғанда қажетті қадамдарды басады» деді.



Ұқсас жаңалықтар