PKK/PYD-YPG террор ұйымы Рейханлыға зымыран шабуылы жасады

PKK/PYD-YPG террор ұйымы жазықсыз адамдарды нысанаға алды.

PKK/PYD-YPG террор ұйымы Рейханлыға зымыран шабуылы жасады

PKK/PYD-YPG террор ұйымы тағы жазықсыз адамдарды нысанаға алды.

Сирияның Африн аймағын басып алған террористтер кеше Хатайдың Рейханлы ауданына 7 зымыранмен шабуылдады.

Шабуылда 17 жасар жас қыз қаза тапты. 1 адам да жарақат алды. Жас қыздың мәйіті Рейханлыда жерленді.

Рейханлыға атылған тағы бір зымыран болса Дегирмен Каршы аумағында бір үйге құлады. Аймаққа көптеген полиция, өрт сөндіру және денсаулық сақтау топтары бағытталды.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда екінші зымыран шабуылынан ешкімнің зардап шекпегені білдірілді. PYD/PKK-лық террористтер Хатайдың Кырыкхан ауданына да зымыран шабуылы жасады.

Африннен атылған зымыран оғы Перишан аумағы шекара желісіндегі тегіс алаңға құлады.



Ұқсас жаңалықтар