Түркия Африннен жасалған шабуылға еселеп қарсылық берді

Аймақтың кеше 9-10 рет снарядпен атқыланғаны атап көрсетілді.

Түркия Африннен жасалған шабуылға еселеп қарсылық берді

Хатайдың Рейханлы ауданы Оғулпынар шекара бекетіне Сирияның Африн аймағынан жасалған шабуылға Түрік қарулы күштері еселеп жауап қайтарды.

Қарсы шабуылдың бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG/PYD бақылауындағы аймаққа жасалғаны білдірілді.

Аймақтың кеше 9-10 рет снарядпен атқыланғаны атап көрсетілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше түстен кейін Элазығда айтқан сөзінде «Террористерді бір жерге жинап, армия құрадық деп ойлағандар, Құдай қаласа бір аптаның ішінде содырларын қалай талқандайтынымызды көретін болады» деп Африн операциясының сигналын берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар