Бинали Йылдырым Ниғдеде халыққа үн қатты

Премьер-министр Ниғде қаласында партиясының 6-шы қалалық конгресіне қатысты.

887656
Бинали Йылдырым Ниғдеде халыққа үн қатты

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары және премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның оңтүстік шекараларына жасалған шабуылдарды жауапсыз қалдырмайтындарын білдірді.

Йылдырым Ниғде қаласында партиясының 6-шы қалалық конгресіне қатысты. Йылдырым «Түркияға террор арқылы зиян тигізгісі келгендерге еселеп жауап қайтарамыз. Саясатымыз негізінде достықтарымызды арттыру бағытында жұмыс істеу. Алайда мәселеміз мемлекет, жалау және ұлт болған кезде біз үшін басқа ешнәрсенің маңызы жоқ» деді.

Түркияның ұлттық келіссөз және одақтастық түсінігімен күшін арттырып, өсу процесін жалғастыратынын атап айтқан Бинали Йылдырым «Басқалардың қиратушы және сынға толы әрекеттері ешқандай біздің бағытымызды өзгертпейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар