Антарктикаға экспедиция

Түрік ғалымдар Антарктикаға барады.

Антарктикаға экспедиция

Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлү Антарктикада Ғылыми база құрылуы жобасы аясында өткізілетін ІІ Ұлттық Анкарктика ғылыми экспедиция қарсаңында түрік Антарктика тобынан 4 ғалымның осы құрлыққа баратынын айтты.

Министр Түркия Ғылыми зерттеу базасының елдің болашақта Антарктикада ғылыми, технологиялық, экономикалық және саяси жақтардан беделді болуы тұрғысынан маңызды екенін айтты. Министрдің айтуынша осы тақырыпта жүргізілген жұмыстар жылдамдатылды. 

Өзлү І Ұлттық Антарктика ғылыми экспежициясының 9 ғалымның қатысуымен өткен жылы 26 ақпан-4 сәуір күндері арасында жүзеге асқанын еске салып,  ІІ экспедицияның 19 ақпан-6 сәуір күндері аралығында жүзеге асырылатынын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар