Түркия АҚШ-тан террористтерді сұрады
Түркия АҚШ-қа жедел хат жолдап Түркиядан қашқан бұрынғы полиция директорларын ұстап беруін талап етті.

Әділет министрі Абдүлхамит Гүл АҚШ Әділет министрлігіне жолдаған хатында «Дереу бұл сценарийдің доғарылып, заңсыз қылмыстық істің тоқтатылуын, Фетуллахшы террор ұйымына (FETÖ/PDY) мүше бұрынғы полиция директорларының елімізге қайтарылуын талап еттік» деді.
Жала жабылғандар мен нағыз қылмыстыларды бір-бірінен айыру керектігін, FETÖ/PDY-мен байланысты қылмыстық істердің заңдарға сәйкес және әділ жүргізілгенін атап көрсеткен Гүл «FETÖ/PDY мүшелері сот алдында әділ сотталуда. Бұл төңкерісшілер жайлы қылмыстық жаза соты шешім қабылдайды» деді.