Президент Израиль әскерлері жасаған зұлымдықты сынға алды

Президент наразылық шерулері кезінде Израиль әскерлерінің балаларды жәбірлегенін атап көрсетті.

Президент Израиль әскерлері жасаған зұлымдықты сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Иерусалим тақырыбында қажетті шара қабылдамаған жағдайда, мекемелерге қарсы заңдық шара қабылдануы үшін шағымданатындарын білдірді.

Президент және партиясының төрағасы Ердоған Әділет және өркендеу партиясы Ялова қалалық конгресінде үн қатты.

Ердоған «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне не қажет болса жасаймыз. Орындамайтын болса заңдар аясында қажетті шараны қолданып, қинаймыз» деді.

Ердоған Израиль әскерлері тарапынан 14 жасар Февзи Әл-Жуниди атты палестиналық баланың көздері байлаулы күштеп апарылған баланың фотосуретін көрсетіп, 20 террорист Израиль әскерінің сол балапанды соққыға жығып, ауыз мұрнын сындырып, қанын төгіп, сүйреп әкеткенін атап көрсетті.

Ердоған тағы анасының құшағындағы бір баланы көре тұрып, қаруларымен анасын ұрып, довн (төмен) синдромы бар науқас баланы жәбірлегенін түсіндірді.

Президент Ердоған тек қана Түркия үшін емес, БҰҰ шаңырағы астындағы 196 елдің тағдыры үшін бұл шақыруды жасағандарын атап, күн өткен сайын одан көп жаңғырық туғызған «Әлем бестен үлкен» наразылықтарын соңына дейін жалғастырғандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар