Йылдырым Бангладешке барады

Йылдырым Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасинаның шақыруымен осы елге барады.

869588
Йылдырым Бангладешке барады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасинаның шақыруымен осы елге ресми сапармен барады.

Премьер-министрлік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Йылдырым Бангладешке жасайтын сапары аясында 19-20 күндері аралығында астана Даккада кездесулер өткізеді.

Сапарда Бангладеш пен Түркия арасында бауырластық достыққа негізделген қарым қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасады.

Премьер-министр Йылдырым Даккадағы кездесулерден кейін Бангладештің Кокс-Базар аймағына барады.

Бұл жерде мұсылмандардың лагерлерін зиярат ететін Йылдырым босқындардың жағдайы, аймақта ТИКА, Апат және төтенше жағдай басқармасы,  Дін істері басқармасы, Халықаралық ұйымдары тарапынан жасалған гуманитарлық жәрдем жұмыстарын тексереді. 



Ұқсас жаңалықтар