TRT World қызметкерлері сот алдында
TRT World түсірілім командасы екі айдан бері қамауда.
865805
Мьянмадағы қырғын жөнінде түсірілімде жүрген кездерінде тұтқындалған Түркия радио-теледидарының TRT World командасы тағы бір рет судья алдына шықты.
TRT World түсірілім командасы екі айдан бері қамауда.
Сингапурлық оператор Лау Хон Менг пен малайзиялық тілші Моу Чой Лин қазан айында пилотсыз ұшу аппараты дрон қолданғандары үшін тұтқындалған болатын.
Журналистер кезекті сот отырысында үкімге қарсы шықты.
Екі журналист жөнінде елге дрон алып кіргендері үшін 3 жыл, дронды қолданғандары үшін 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы талап етілді.