Кезектен тыс жиналады

Ибрахим Калын Иерусалимнің Израильдің астанасы ретінде жариялануының қате болатынын білдірді.

Кезектен тыс жиналады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Иерусалимнің тарихи,  діни және құқықтық мәртебесімен Израильдің астанасы ретінде жариялануының қате болатынын білдірді.

Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының Иерусалим қаласын Израильдің астанасы ретінда тану шешімінің халықаралық құқыққа қайшы екенін айтып: «Иерусалим – біздің абыройымыз. Біздің күресіміз. Кеше президентіміздің айтқанындай біздің қызыл сызығымыз» деді.

«Тап қазір онсыз да жақсы емес Таяу Шығыс бейбітшілік үрдісін жоятын осы қатеден Америка билігінің дереу кері шегінуін күтеміз» деді ол.

Калын президент Ердоғанның Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас секілді араб әлемінің лидерлері, үкімет басшыларымен сөйлескенін білдірді. Ердоғанның Малайзия, Тунис, Иран, Катар, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Индонезия секілді елдердің басшыларымен телефонда сөйлескенін білдірген Калын президенттің бүгін бір шақыру хатын жариялайтынын да айтты.

Калынның айтуынша президент Ердоған Ислам Ынтымақтастық Ұйымын кезектен тыс бас қосуға шақырды.

Калын Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммитінің 13 желтоқсан күні Стамбулда болатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар