Ердоған лидерлермен Иерусалим тақырыбын талқылады

Президент ИЫҰ-ның Стамбулда кезектен тыс жиналатынын білдірді.

Ердоған лидерлермен Иерусалим тақырыбын талқылады

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану жоспарына байланысты Малайзия премьер-министрі Неджип Резак, Тунис президенті Әл Баджы Каид әс Сибси және Иран президенті Хасан Руханимен сөйлесті.

Ердоған телефон әңгімелерінде Иерусалимді астана ретінде тану жоспарының Таяу Шығыста бейбітшілік үрдісіне зиян келтіретінін айтты.

Ердоған өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық үшін 1967 жылғы территория ішінде бас қаласы Шығыс Иерусалим болып табылатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуы шарт екенін айтты.

1980 жылы Израильдің Иерусалимді аннекция шешімін БҰҰ мен халықаралық қоғамның қабылдамағанын еске салған президент мұсылмандар үшін қасиетті қаланың Ислам елдері үшін де маңызды екенін айтты.

Президент Ердоған лидерлерге Түркияның Ислам Ынтымақтастық Ұйымының кезекті төрағасы ретінде 13 желтоқсан күні кезектен тыс жиналыс өткізетінін де атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар