Армия генералы Ресейге аттанып кетті

Акар Сочиде Ресей Штаб-пәтер басшысы және Иранның Штаб-пәтер басшысымен кездеседі.

851512
Армия генералы Ресейге аттанып кетті

Түркияның Штаб-пәтер басқармасының төрағасы, армия генералы Хулуси Акар ертеңгі үштік саммит қарсаңында Ресейге аттанды.

Анкарадағы әскери әуежайдан Әуе күштерінің ұшағымен Ресейге ұшып кеткен Акар Сочиде Ресей Штаб-пәтер басшысы Валерий Герасимов және Иранның Штаб-пәтер басшысы Мұхаммед Бакыримен кездеседі.

Ертең президент Режеп Тайып Ердоған,  Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Руханидің қатысуымен Сочиде үштік саммит болады.

Саммитте тараптар Сириядағы оқиғалар және аймақтағы соңғы ахуалды қолға алады. Сириядағы тараптарға бас қостыруды мақсат еткен «Сирия халықтар құрылтайына бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жалғасы PYD-нің шақырылуы  Түркияның наразылығына жол ашқан болатын.

Наразылықтарға орай құрылтай кешіктірілген еді. Ертеңгі жиналыста осы құрылтай да талқыға түседі.



Ұқсас жаңалықтар