Террористтер аясыз

Йылдырым ПКК-ның Шырнакта 27 мешітті құлатқанын, 70 мешітке зақым бергенін айтты.

Террористтер аясыз

Йылдырым ПКК-ның Шырнакта 27 мешітті құлатқанын, 70 мешітке зақым бергенін айтты.

Премьер-министр Бинали Йылдырым бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Шырнакта 27 мешітті құлатқанын, 70 мешітке зақым бергенін айтты.

Йылдырым Шырнак провинциясына барғаннан кейін өткен жылы ПКК мүшесі террористтер тарапынан күйретілген Гейлани мешіттің ашылуында сөз сөйледі.

Аймақ халқының террормен күресуде мемлекеттің қасында орын алғанын түсіндірген Йылдырым «Террористтерді, опасыздарды жоямыз. Біз бір ұлтпыз, осы елде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарамыз. Береке-бірлік ішінде боламыз» деген сөздер қолданды.

Террористтердің 14 мыңнан астам ғимаратты зақымдағанын баяндаған Йылдырым «Бұлардың діні мен иманы жоқ. Бұлар ғимаратты күйретумен бірге бейуаз халықты, әскерді, полицияны, күзетшілерді және барлық адамды қырғындауда» деді. 


Этикеттер: террорист , Шырнак , ПКК

Ұқсас жаңалықтар