Кандилге операция жасалады

Сойлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Кандилге операция жасауы мүмкіндігін білдірді.

848559
Кандилге операция жасалады

Сойлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Кандилге операция жасауы мүмкіндігін білдірді.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ирактың Кандил аймағындағы террорист қорғандарына операция жасауы мүмкіндігі жөнінде мәлімдеме жасады.

Сүлейман Сойлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде жасаған баяндамасында Кандилге операция жасауы мүмкіндігін білдірді.

Сойлу «Кандилге барып орнығамыз. Шекараның 25 километр қашықтықтағы лагерлердің барлығын күйретеміз» деген сөздер қолданды.

Террормен күресудің бір процес екенін және 14 айдан бері Ішкі істер министрлігі жасағанын еске салған Сойлу былай деді: «Мен ешқашан ПКК белгілі уақытта бітетінін айтқан жоқпын. Істейтін жұмыстарымыз айқын. Шекараның 25 километр қашықтықтағы лагерлердің барлығын күйрету болып табылады. Алдымен Кандилге барып орнығу және сол жерді үстемдігімізді орнату».

Министр Сойлу «Жасайтын жұмыстарымыз белгілі. Мемлекет террор ұйымымен күреседі. Сол жердегі азаматымыз өз тұрмыс тіршілігіне, нысандарына және қажеттілігіне қарай өмір сүреді. Мемлекеттің міндеті осы» деді.

 


Этикеттер: #террор , #ПКК , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар