Түрік премьер-министр көңіл айтты

Премьер-министр Бинали Йылдырым Иран президентінің бірінші орынбасары Исак Джихангиримен телефонда сөйлесті.

Түрік премьер-министр көңіл айтты

Премьер-министр Бинали Йылдырым Иран президентінің бірінші орынбасары Исак Джихангиримен телефонда сөйлесті.

Премьер-министрліктен алынған мәліметке қарағанда,  Йылдырым Ирак пен Иран шекарасында болған жер сілкінісінде қаза тапқан азаматтар үшін көңіл айтты.

Қиын күнінде Иранның жанында екендерін білдірген премьер-министр осындай қайғының қайталанбауын тіледі.

 Түрік премьер-министр сонымен бірге қажет болғанда Түркияның көмектесуге дайын екенін атап көрсетті.

Иран президентінің бірінші орынбасары Джихангири де премьер-министр Йылдырымға алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар