Ердоған Кувейтте

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Кувейтке барды.

erdogan-ganim.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Кувейт Әмірі Сабах аль-Ахмед аль-Джабер-ас Сабахтың шақыруымен осы елге барды.

Ердоғанды Кувейт премьер-министрінің бірінші орынбасары және Сыртқы істер министрі  Халид әл-Хамас әс-Сабах қарсы алды.

Ердоған бүгін алдымен Ұлттық Мәжіліс төрағасы Мерзук әл-Ганимды және премьер-министр шейх Сабир әл-Мүбарак әл-Хамад әс-Сабахты қабылдайды.

Одан кейін Президент Ердоған және Кувейт Әмірі Сабах аль-Ахмед аль-Джабер-ас Сабахтың құзырында «Спорт саласында ынтымақтастық хаттамасы», «Тікелей инвестицияны ынталандыруға бағытталған хаттама» және «Білім және технология ынтымақтастық хаттамасы» сынды хаттамаларға қол қою рәсімі ұйымдастырылды. 

Президент Ердоғанның Кувейт сапарында Бас штаб төрағасы генерал Хулуси Акар, Әділет министрі Абдулхамит Гүл, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Энергия және табиғи ресрстары министрі Берат Албайрак, Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак, Азық-түлік және ауылшаруашылық министрі Ахмет Ешраф Факыбаба, Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Орман және су ресурстары министрі Вейсел Ероғлұ, Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан, Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фидан және Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибраихи Калын орын алды. 



Ұқсас жаңалықтар