Түркия мен Тайланд арасында келісім жасалды

Түрік әуе жолдары мен Тайланд үкіметі арасында келісім-шарт жасалды.

Түркия мен Тайланд арасында келісім жасалды

Туризмді жетілдіру үшін Түрік әуе жолдары мен Тайланд үкіметі арасында келісім-шарт жасалды.

Түрік әуе жолдарының Азия мен Таяу Шығыс нарығына жауапты басшы орынбасары Тунджай Эминоғлу мен Тайланд үкіметі атынан Халықаралық менеджмент төрағасының орынбасары Sisuda Wanapinyosak қатысқан қол қою рәсімі Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда өтіп жатқан «Бүкіләлемдік Туризм көрмесі» аясында жүзеге асты.

Рәсімнің артынан Тайланд Туризм және спорт министрі Kobkarn Wattanavrangkul көрмеде ауқымды бір алаңға құрылған Түрік әуе жолдарының алаңына келіп, Түрік әуе жолдары макет ұшағына қол қойды.

Бір жылдық келісіммен екі ел арасындағы спорт, мәдениет, гастрономия және тарих туризмін жетілдіру нысанаға алынып отыр.

Түркия мен Тайланд арасындағы дипломатиялық ынтымақтастықтың 60 жылдығына дөп келген 2018 жылы туризмнің екі жақты жандандырылуы нысанаға алынып отыр.



Ұқсас жаңалықтар