Йылдырым Гутеррешпен кездесті

Премьер-министр Йылдырым БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесті.

Йылдырым Гутеррешпен кездесті

Премьер-министр Йылдырым БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесті.

Премьер-министр Бинли Йылдырымның Америка Құрама Штаттары сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесті.

Йылдырым Антониу Гутеррешпен кездесуіне байланысты «Әсіресе Түркияның маңында тұрақсыздықтардың пайда болғанын, босқын мәселесінің Түркияға үлкен жүк әкелгенін құрметті бас хатшы  өзі айтты. Ол біздің үмітіміз БҰҰ-на мүше болған елдердің осы жүктерді бөлісуі деді» деген сөздер қолданды.

Гутеррешпен аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылағанын түсіндірген Йылдырым былай деді: «Соңғы кезеңде Мьянма мұсылмандарына жасалған қырғын жөнінде Біріккен Ұлтар Ұйымының тіпті белсенді әрекет етуі керектігін айттық және осы тақырыпта бір шешім табудың мәжбүр екенін білдірдік» деді.

Премьер-министр  Йылдырым сонымен қатар Кипр, Ливия, Ирак, Сириядағы шешім процесі сынды тақырыптар туралы пікір алмасқанын, сондай-ақ сәтті бір кездесу болғанын мәлімдеді.

Кездесуде Гутеррештің БҰҰ реформа талпыныстары жөнінде мағлұмат бергені және Түркияның БҰҰ-на берген қолдауына орай алғыс атқаны да білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар