Ататүрік түрік ұлтының азаттық символы

Ердоған Гази Мұcтафа Кемал Ататүріктің түрік ұлтының азаматтық символы екенін айтты.

Ататүрік түрік ұлтының азаттық символы

Ердоған Гази Мұcтафа Кемал Ататүріктің түрік ұлтының азаматтық символы екенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Гази Мұcтафа Кемал Ататүріктің түрік ұлтының азаматтық символы екенін айтты.

Ердоған Түркия Республикасының құрушысы және тұңғыш президенті Гази Мұстафа Кемалды арғы дүниеге аттануының 79-шы жылдығында Бештепе Ұлттық Конгресс және Мәдениет Орталығында ұйымдастырылған рәсімде сөйледі.

Баяндамасында өткен ғасырдың қиыншылық кезеңінде әр мемлекеттің өзіне тиесілі бір лидерін ортаға шығарғанын және азаттықты оның басшылығында ізделгенін білдірген Ердоған «Осы лидерлердің ішінде өте азы ғана ойлаған жеңіске қол жеткізе алған және табысты бола алған. Міне Ататүрік осы лидерлердің бірі болып табылады» деді.

Баяндамасында Атаүріктің көңіл географиясына қатты көңіл бөлгеніне тоқталған Ердоған осы мұраға ие шығуды мәжбүр екенін айтты.

Президент Ердоған «Гази Мұстафа Кемал басшылық жасаған ұлтазаттық күресіміз, қол жеткізген теңдесі жоқ жеңістер мен ұлтымызды ортақ бір арман төңірегінде біріктіріп құрған республикамыз бен бүкіл әлемде мақтанышқа ие болған батыр бір әскер құрметті бір басшы болып табылады» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар