Чавушоғлұ Тиллерсонмен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ АҚШ Мемлекеттік хатшысы  Рекс Тиллерсонмен телефонда сөйлесті.

Чавушоғлұ  Тиллерсонмен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ АҚШ Мемлекеттік хатшысы  Рекс Тиллерсонмен телефонда сөйлесті.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен телефонда сөйлесті.

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Чавушоғлұ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен телефон арқылы сөйлесті.

Екі министр телефондағы әңгімелерінде Түркия мен АҚШ арасындағы виза қызметтерінің өзара уақытша  тоқтату мәселесін қолға алды.

Виза дағдарысы АҚШ-тың Стамбулдағы бас консулдығы қызметкері Метин Топуздың Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ тергеуі аясында «Атазаңдық тәртіпті жоюға бағытталған» қылмыстардан тұтқындалуынан кейін болды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Метин Топуз жөнінде үкімді саясат қайраткерлері,  мен немесе АҚШ Сыртқы істер министрлігі емес,  тәуелсіз сот органдары береді. Ол жөнінде айыптаулар мен айғақтар бар. Дипломатиялық міндетте болғандықтан маған хабар берілді» деген болатын.

Түркияның Вашингтондағы өкілетті елшілігі Америка Құрама Штаттарындағы барлық түрік миссияларында АҚШ азаматтарына бағытталған виза істерінің тоқтатылғанын мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар