Президент Нови-Пазарда

Президент Сербияның Нови-Пазар  қаласында халыққа үн қатты.

Президент Нови-Пазарда

Президент Сербияның Нови-Пазар  қаласында халыққа үн қатты.

Сербияның түрлі қалаларынан президент Режеп Тайып Ердоғанды көру үшін Нови-Пазарға келген мыңдаған адам қаланы толтырды.

7 жыл үзілістен кейін Нови-Пазарға қайта барған Ердоғанның сапары босняктар көп тұратын қалада мерекеге айналды.

Қаланың барлық жеріне «Түркия», «Нови-Пазарға қош келдіңіз» деген ұрандар ілінді.  Түрік байрақтарын үйлерінің терезесінде желбіреткен халық президент Ердоғанды көру үшін ғимараттардың төбесіне шықты.

Нови-Пазарға Сербия президенті Александр Вучичпен бірге барған Ердоған қала муниципалитеті алдына құрылған алаңда халыққа үн қатты.

Ердоған халықты бірлік пен тұтастыққа шақырып,  Фетуллахшы террор ұйымын Түркияда болғандай Балқанда да тазалайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар