Заңсыз босқындар ұсталды

Сивас пен Чанкырыда шетелдік 258 заңсыз босқын ұсталды.

Заңсыз босқындар ұсталды

Сивас пен Чанкырыда шетелдік 258 заңсыз босқын ұсталды.

Түркияға заңсыз жолдармен кіргендері анықталған босқындардың Стамбулға қарай жолға шыққандары ақпары жетті. Сивастағы бір жолаушы автобусын қауіпсіздік күштері Сивас-Токат жолы бойында тоқтатты. Автобуста тінту жүргізген полиция қызметкерлері көлікте 139 босқын бар екенін анықтады.

Ауғанстан және Пәкістаннан келген босқындар Агры қаласынан Стамбулға жету үшін жолға шыққан екен. Автобустың жүргізушісі тұтқынға алынды. Босқындарға су, тамақ берілді. Артынан босқындар Сивас Миграция кеңсесіне жеткізілді.

Чанкырыда да Куршунлу ауданында жандармерия бір автомобиль мен автобусты тоқтатты.  Автобуста әйелдер мен балалардан тұратын 119 заңсыз босқын бар екені анықталды.

Стамбулға жетуді жоспарлаған босқындар Ауғанстан, Пәкістан және Сириядан келген.



Ұқсас жаңалықтар