Президент Украинаға барады

Президент Ердоған Киевке барады.

Президент Украинаға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Украина Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңесінің алтыншы жиналысына қатысу мақсатымен 9 қазан күні Украинаға барады.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда Ердоған мен Украина президенті Петро Порошенконың басшылығында қатысты министрлердің орын алуымен Киевте болатын кеңес жиналысында екі жақты және аймақтық тақырыптар қолға алынады.

Киевте Парламент басшысы Андри Парубий және премьер-министр Воломидир Гройсманмен де кездесу өткізеді.  Президент Ердоған Украинадағы қандастармен де кездеседі.

Сапар барысында Украинамен стратегиялық серіктестік қатынастарының тереңдетілуіне бағытталған жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралады,  осы бағытта келісім мен хаттамаларға қол қойылады.

Айырықша Қырым мәселесі мен Қырым татар қандастардың жағдайы жөнінде көзқарас алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар