Президенттен маңызды мәлімдеме

Ердоған Иран сапарынан елге оралу барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Президенттен маңызды мәлімдеме

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстік шекарасында террор дәлізі қалыптастырмау табандылығының Солтүстік Ирак үшін де өтімді екенін айтты.

Ердоған Иран сапарынан елге оралу барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Солтүстік Ирак тақырыбында Түркия, Иран мен Ирак арасында үштік механизм қалыптастырылғанын айтқан Ердоған «мұнайды тоқтату шешімін» де осы үш елдің бірге беретінін білдірді.

Ердоған Ирак күрд автономиясында өткен заңсыз референдумның ешбір заңды негізі жоқтығын тағы бір рет қайталап: «Мұның Федерал парламентте де бекітілмейтіні анық. Ирак орталық үкіметі мұны ресми түрде жариялады.  Ирак Атазаң соты да референдум шешімін кері қайтарды» деді.

Президент Ирак күрд автономиясы әкімшілігінің лидері Месут Барзанидің осы қадамнан бас тартудан басқа амалы жоқтығын айтып: «Ол бұны бітіруі керек. Басқа амалы жоқ. Әйтпесе біз де басқа қадам басуға мәжбүр боламыз» деді.

Ердоған айырықша: «Біз бұрын да айттық.  Оңтүстігімізде бір террор дәлізі қалыптастырмаймыз. Біріншісі - Сирия солтүстігі.  Мен АҚШ сапарында Дональд Трампқа да айттым.  Оңтүстігімізде бір нәрсе болса,  дереу килігеміз.  Қазір бұл Солтүстік Ирак үшін де өтімді» деді.



Ұқсас жаңалықтар