Ресей қолбасшысы Түркияға келеді

СІМ күн тәртібіндегі сұрақтарға жауап берді.

791067
Ресей қолбасшысы Түркияға келеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей Штаб-пәтер басшысы Валерий Герасимовтың Түркияға келетінін білдірді.

TRT экранынан күн тәртібіне байланысты сұрақтарға жауап берген Чавушоғлу Герасимовтың түрік басшылармен Сирияның Идлиб қаласындағы ахуалды талқылайтынын айтты.

«Ресей Түркияның террор ұйымы YPG  тақырыбындағы ұстанымын АҚШ-тан жақсы түсінеді» деді ол.

АҚШ-тың ай сайын Түркияға террор ұйымы YPG-ге қанша қару жолдағанын хабарлап тұрғанын,  соңғы рет «Сауытты көлік және бульдозер жібергендерін,  қару бермегендерін» жазғанын айтты.

Ирактың түрікмен қаласы Телаферде коалиция күштерінің кеше басталған операциясына да тоқталған министр қаланы құтқарғаннан кейін түрікмендерге қайтарып беру керектігін айтты.

Ирак Аймақтық күрд әкімшілігінің жоспарланған референдумына да тоқталған Чавушоғлу «Жағдай нашарлауы мүмкін,  бұл азаматтық соғысқа айналуы мүмкін» деді.

Сыртқы істер министрі Германия мәселесі де тоқталды.

Министр Германияда жалпы Түркияға қарсы бір ұстаным бар екенін білдірді. Елде Түркияға қарсы дұшпандық,  нәсілшілдік,  Исламофобия,  босқындарға дұшпандықтың арандатылып отырғанын айтты.

Германияда 3,5 миллион түрік азаматы тұрады. Сондықтан Түркия Германияның жамандығын тілемейді.



Ұқсас жаңалықтар