Түркия Грекияның мәлімдемесіне наразылық білдірді

Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы еске алу рәсімі жайлы мәлімдеме жасаған Грекияға наразылық көрсетті.

Түркия Грекияның мәлімдемесіне наразылық білдірді

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) берген қолдауы жайлы Грекия сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

Министрліктен жасалған мәлімдемеде 8 тамыз күні Эренкөй шайқасының 53-ші жылдығын СКТР-нда еске алынғанын, Грекия Сыртқы істер министрлігінің бұл тақырыпта жасалған мәлімдемесінің «бақытсыздық» екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Кипр түріктерінің 1964 жылы кипрлық понтилер мен Грекияның ортақ Энозис мақсаттары мен этникалық тазалау әрекетіне қарсы жүргізген бұл батыл және абыройлы күреске кепілдік берген атажұрт Түркия тарапынан берілген қолдауға қатысты аталмыш грек мәлімдемесінде орын алған әртүрлі дәлелден мақұрым және шындыққа жатпайтын қауесеттерді айыптаймыз. Понти-грек ынтымақтастығымен Кипр аралынан түріктерді этникалық түрде тазалап, эвакуациялау мақсатымен ұзақ жылдардан бері әртүрлі қорқыту мен зорлық-зомбылық жасалды. Жасалған мәлімдеме болса осы өкініштің көрсеткіші болса керек» делінді.



Ұқсас жаңалықтар