Иран СІМ орынбасары келді

Енсари Астана Бейбітшілік процесіне байланысты ақылдасу мақсатты келді.

783097
Иран СІМ орынбасары келді

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары және Иранның Астана процесіндегі келіссөз жүргізушісі Хүсейін Жабири Енсари Анкараға келді.

Енсари түрік лауазым иелерімен аймақтағы соңғы жағдай және Сирия дағдарысы аясында Астана Бейбітшілік процесіне байланысты ақылдасу мақсатты келді.

Енсари алдымен Ресейде байланыс жүргізіп, артынан Анкараға келді. Министр орынбасары Енсари екі күн бұрын Мәскеуде орыс лауазым иелерімен кездескен болатын.

Ресей, Түркия және Иран - Астана процесінде кепілгер елдер. Осы процестің жаңа туры жақында Тегеранда ұйымдастырылады.

Астана процесі президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путиннің сириялықтарға бас қостыратын бір жиналыстың Қазақстанның Астана қаласында өткізілуі тақырыбында келісуімен басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар