"Акса мешітін қорғау - бүкіл Ислам әлемінің парызы"

Президент Ислам өркениетінің батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет екенін айтты.

777959
"Акса мешітін қорғау - бүкіл Ислам әлемінің парызы"

Президент Режеп Тайып Ердоған Ислам өркениетінің батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет екенін айтты.

Президент Ердоған Президенттік сарайда Ислам әлемі жоғары оқу алаңының қалыптастырылуы жиналысында сөйлеген сөзінде Израильдің Акса мешітінде металл детекторлардың алынып тасталуына риза болғанын білдірді.

Ердоған: «Израильдің мұсылмандарды ренжіткен металл детекторлардан кері қадам басуы келіспеушіліктің азаю үшін дұрыс қадам болды. Бұған риза болдық. Бірақ жете ме? Жетпейді.  Жұма күндері сол қақпаның мұсылмандарға жабылуына шыдау мүмкін емес» деді.

Президент Израиль әкімшілігінің Иерусалимнің Ислами ерекшеліктерін бұзуга тырысқанын айтты. Ердоған әрдайым Түркияны сынағандардың Палестина,  Иерусалим сөз болғанда үндемей қалатынын меңзеді.

Ол Акса мешітінің қадірін қорғаудың бүкіл Ислам әлемінің парызы екенін атап көрсетті. «Израиль әкімшілігі мынаны есте сақтауы керек.  Осы әлемде бейбіт өмір сүргіңіз келсе, басқаларды қорқытудың орнына, өзін және аймақты отқа орайтын саясаттардан аулақ болу керек.  Ислам өркениеті батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар