Түркиядағы сириялықтар болашақтарын Түркияда жоспарлап отыр

Түркияда босқындарға байланысты зерттеу жүргізілді.

775135
Түркиядағы сириялықтар болашақтарын Түркияда жоспарлап отыр

Түркиядағы сириялықтар болашақтарын Түркияда жоспарлап отыр.

Гуманитарлық даму фонды мен IPSOS зерттеу институты тарапынан Түркиядағы сириялық босқындарға байланысты зерттеу жүргізілді.  «Босқын өмірлер мониторы» деп аталатын зерттеу қызықты мәліметтерді ашып көрсетті.

Зерттеу үстіміздегі жылдың 27 сәуір-20 мамыр күндері аралығында босқын тұрғындардың 79 пайызын қалыптастыратын он қалада жүргізілді.  Атап айтқанда Стамбул, Шанлыурфа, Хатай, Газиантеп, Адана, Мерсин, Килис,  Мардин, Бурса және Измир қалаларында шамамен 1300 адамға сұрақтар сұралып,  оңаша сұхбат жүргізілді.

Зерттеуге қарағанда, 70 пайызы түрік тілін білмейтін сириялық босқындардың 74 пайызы азаматтық алғысы келеді.

Босқындар арасында «Мүмкіндігім болса,  бір Еуропа еліне көшіп кеткім келеді» дейтіндер 42 пайыз.  «Еш кетпеймін» дегендер болса 44 пайыз.

Босқындардың 52 пайызы балаларының өмірін Түркияда жалғастыруын қалайды. «Болашаққа үмітпен қараймын» деп жауап қайтарғандардың саны  64 пайыз.

Зерттеудің ең назар аударарлық қорытындысының бірі - сириялық босқындардың отбасының орташа үлкендігі.  Сириялық босқындардың отбасындағы орташа адам саны (6,2 адам)  Түркия отбасындағы орташа адам санынан (3,5 адам)   шамамен екі есе көп.

Зерттеуге қарағанда сириялық босқындардың тек 4 пайызының ғана Түркияда жеке есепшоты бар.

 



Ұқсас жаңалықтар