Президент Ердоғанның Стамбулдағы баяндамасы

15 шілде Шейіттер көпірінде Демократия және Ұлттық бірлік күні

Президент Ердоғанның Стамбулдағы баяндамасы

15 шілде Шейіттер көпірінде Демократия және Ұлттық бірлік күні

Стамбул

 

Шейіттерімізден аманат құрметті бауырларым!

Қадірлі ардагер бауырларым!

Қаланың түкпір-түкпірінен 15 шілде Шейіттер көпіріне келіп,  осындағы шараға қатысып отырған құрметті Стамбул тұрғындары.

15 шілде опасыздық әрекетінің бір жылдығында Түркияның әрбір жерінде тағы бір рет алаңдарды толтырған құрметті азаматтар!

Әзіз ұлтым!

Баршаңызға ең шынайы сезіммен, сүйіспеншілікпен, құрметпен сәлем жолдаймын.

Осыдан тап бір жыл бұрын бүгін осы уақытта еліміздің көптеген жерімен бірге тап осы жерде сол кездегі атымен Бұғазіші көпірінде сатқындық әрекеті басталған еді.  Танктарымен, сауытты көліктерімен осында келген бүлікшілер көпірді жауып, бір мезгіл түсініксіз болған опасыздық әрекеті басталған болатын.

Көпірді жауып тастаған төңкерісшілер өздерінше бүкіл Стамбул,  бүкіл Түркияға және бүкіл әлемге «Енді бақылау біздің қолымызда» дегісі келген еді.

Шамамен осы уақыттарда Стамбул мен Анкараның әр жерінде осыған ұқсас басқыншы әрекеттердің хабары келіп жатты.

Біздің ұлтымыз қолданылған әдіс пен методына қарап,  осы төңкерістің артында Фето опасыздарының бар екенін дереу түсінді.

Фето опасыздық ұйымының шабуылына,  басқыншылығына Түркияның душар болғанын көрген ұлтымыз дереу қозғалысқа өтті.

Құрметті премьер-министр және менің телеарналардан жасаған шақыруымызға құлақ асып миллиондаған азамат төңкерісшілерге қарсы көшелерді,  алаңдарды, әскери қышлақ алаңдарын толтырды.

Ең үлкен тойтарыс пен ең қанды шабуылдар Стамбул мен Анкарада  болды.

Қалған қалаларымызда төңкерісшілер қозғалуға шамасы келмей, ұлтымыз және отансүйгіш әскерлеріміз тарапынан тойтарылды.

Стамбулда қан көп төгілген жер  - осы жер. 15 шілде Шейіттер көпірі.

Көпірді жауып тастаған танктардың алында тап 36 азамат шейіт болды.

Сарачханеде 20-ға жуық шейіт болды.

Ченгелкөйде, Ататүрік әуежайында,  Есенлердегі Топчулар кышлағының алдында,  Түрік Телеком ғимаратында,  басқа жерлерде ондаған азаматымыз шейіт болды.

Анкарада Штаб пәтер, премьер-министрлік,  мәжіліс орналасқан Қызылай алаңы төңірегінде 40-тан астам азамат шейіт болды.

Президенттік сарайдың алдында 29 адам шейіт болды.

Гөлбашы арнайы жасақ департаментін ұшақпен бомбалаған опасыздар 53 бауырымызды шейіт қылды.

Қазір есімінің алдына қаһарман деген сыпат қосылған Қазан ауданында 9 азамат шейіт болды.

Анкара полиция дирекциясына жасалған шабуылда шейіт саны оннан асты.

Төңкерісшілер тартып алған танктардың оқпандары бомбалармен, қолдарындағы қарулар оқпен,  тікұшақтар мен ұшақтар ең қауіпті оқ-дәріге толы болатын.

Осы оқтарды азаматтарға қарсы қолданудан еш тайсалмады.

Ал, олардың алдына шыққан ұлтымыздың перзенттерінің қолында не болды?

Қолдарында қарулары,  бомбалары,  танктері мен зеңбіректері болмады.

Бірақ ең ықпалды қарулары болды.  Ол қару -  олардың жүректеріндегі иман.

Иа, ұлтымыз сол түні тек иманымен әлемнің ең заманауи қаруларын алып жықты.

Тәкбір айтып,  танктердің алдына шыққан бір ұлтты кім тұтқын қып ала алады?

Алдында,  артында,  оңында және солында ондаған адам оққа ұшып құлап жатса да,  кері қайтып шегінуді ойламаған,  керісінше мүмкінігінше сатқындардың алдына қайта шыққан бір ұлтты кім жеңе алады?

Алдына үш-төрт метр жерге жеткен оқтардан қорықпай алға басқан және өзіне «кері қайт, болмаса өлесің» дегендерге «бүгін өлмесек, қашан өлеміз?» деп жауап қайтарған бір ұлтты кім кісендей алады?

Ах, мына көпірге тіл бетсе де,  сол түні болған қаһармандықтарды айтып берсе...

Ах, сол түні шейіттердің қанымен суланған әрбір қарыс топырақтың,  әрбір тастың,  әрбір асфальттың тілі болса,  жігіттік,  батырлық қалай болатынын әлемге паш етсе...

Себебі біздің тіліміз бұларды сөзбен айтып жеткізуге жетпей отыр..

15 шілде түні осы Ай үшін батқан барлық Күндерімізге,  барлық шейіттерімізге Алладан рақымшылық тілеймін.

Сол түні жарақат алса да,  бас имеген баршаға алғыс айтамын.

Еркіндігін,  азанын,  байрағын,  Отанын,  мемлекетін,  болашағын сақтап қалған ұлтымыздың барлық перзентіне алғыс айтамын.

Бауырларым,

Біз 15 шілде күні түнде опасыз бүлікшілердің шабуылдарында 250 батырымызды қара жерге бердік.  80 миллиондық Түркияның болашағын,  болашамызды құтқарып қалдық.

Сол түні 2 мың 194 бауырымыз жарақат алып,  ардагер атағына ие болды. Осылайша жүрегі және көзімен бізді күткен миллиондаған бауырымыздың үмітін ақтадық.

Біз төлеген құн өте ауыр.

Аналардың,  әкелердің, жұбайларының,  бауырларының,  балаларының көзжастарына,  жүректеріндегі өрттің құнын өлшеу еш мүмкін емес.

Бірақ осы пида қорлықтардың қарымжысы ретінде келген болашағымыз мен тәуелсіздігіміздің  де құнын өлшей алмаймыз.

Кездейсоқ жиналған адам қауымдары мен ұлттың арасындағы айырмашылық міне,  осында.

Қауымдар тек сол сәттегі мүдделері үшін бас қосады.

Ұлттардың болса ортақ тарихы, ортақ құндылықтары, ортақ армандары болады және олар үшін қажет кезінде жандарын беруге дайын тұрады.

Түрік ұлты 15 шілде күні мыңдаған жылдық тарихында бірнеше мәрте жасағанындай, қасиетті құндылықтарын сақтап қалу үшін жанын беруден тайынбайтынын көрсетті.

Біз тарих бойы әрдайым отпен сыналған,  дұшпан шабуылдары мен сатқындықтардың арасында пісіп жетілген бір ұлтпыз.

Темірдің отта қатайып, болаттай берік болғаны секілді шабуылдар мен опасыздықтар да бізді бірлестіреді,  біртұтас қылып, нығайта түседі.

15 шілде төңкеріс әрекеті ұлтымызға қарсы бағытталған алғашқы шабуыл емес, соңғысы да болмайды.

Біз террорлық ұйымдарды пешка ретінде қолданғандардың бірнеше ғасырлық кекшілдіктерін жақсы білеміз.

Фетоның тек Фето еместігін,  Пкк-ның тек Пкк еместігін,  Даиш-тің тек Даиш еместігін, басқа да экстремистік ұйымдардың тек көрініп тұрған бейнелерінен ғана тұрмайтынын жақсы білеміз.

Бірақ мынадай да шындық бар: пешкаларды езіп өтпей, қамалды,  пілдерді,  аттарды,  уәзірді алмай, шахты мат қыла алмаймыз.

Ол үшін алдымен осы сатқындардың басын ұшырамыз .

Артынан негізгі жауды алып жығатын қадамдарды басамыз.

Бұл үшін экономикамызды нығайтамыз.

Бұл үшін армияны нығайтамыз.

Бұл үшін дипломатияны нығайтамыз.

Бұл үшін инфрақұрылымды нығайтамыз

Барлығынан маңыздысы бірлігімізді нығайтамыз.

Түркияның соңғы 15 жылда тындырғандарына қарасаңыз, басылған қадамдарға қарасаңыз, барлығының негізінде осы мақсаттың жатқанын көресіз.

Иә, біздің тап қарсы алдымыздағы ұйымдар бізге көрінген құрылымда болмауы мүмкін.

Түркия да көрінгеніндей ғана емес.

Біздің артымызда мыңдаған жылдық мемлекеттілік дәстүрі бар.

Президенттік таңбасындағы әрбір жұлдыз -  осы дәстүрдің символы.

Біздің артымызда 1400 жылдық өркениет тәжірибесі бар.

Біз туғанда құлағымызға оқылған азаннан өлген кезде артымыздан оқылатын жаназа азанына дейін өміріміздің әрбір сәтіне осы өркениет пішін береді.

Біздің жеріміздегі мың жылдық тарихымызда соғыссыз, шайқайссыз бір сәт те болмаған.

15 шілде күні жарылған жанартаудай түнекте жарқ еткен рух бір сәтте ортаға шыққан жоқ. Оның артында осындай керемет тарих жатады.

Иа,  біз тірілері абыройлы,  өлілері даңқты түрік ұлты ретінде жеріміздің, аймағымыздың,  әлемнің болашағына мүдделіміз.

Бізді террорлық ұйымның опасыз шабуылдары да,  оларды қолданып отырған күштердің жасырын ойындары да жеңе алмайды.

Біз міне, осы рухтан,  осы нанымнан айрылып қалғанымызда бітеміз.

Алланың қалауымен бұлай болмайды.

Қажет болса бір өліп, мың тірілеміз.

Өлімді өліммен қорқытып, жолымызды жалғастырамыз.

Жүрегімізді нанымсыз, батылдықсыз, білегімізді күшсіз, жауырынымызды терсіз қалдырмай, еш тоқтамай жұмыстанамыз.

Сонымен бірге кейбіреулер бақылаумен болған төңкеріс деп,  ұлтымыздың осы даңқты тойтарысына қара леке жағуға тырысуда.

Назар салып қарасаңыз, бұл сөзді екі түрлі тарап  айтуда.

Бірінші фетуллахшылар және оларды қолдайтын шетелдіктер.

Опасыздықтары алдында ұлтымыздың реакциясы себебімен фетуллахшылар өмірі бойы жасағандары секілді бұл жолы да мойындамай отыр.

Екіншісі болса оппозиция партиясының басындағы кісі.

Әрине, 15 шілде күні түнде Стамбулдағы Ататүрік әуежайынан төңкерісшілердің бақылауында шығып,  Бакыркөйдегі сенімді үйде шай-кофе ішіп,  оқиғаларды теледидардан қараса,  осылай деп ойлауы мүмкін.

Әрине сол күні түрде көшелерде,  алаңдарда,  әуежайларда,  көпірлерде,  төңкерісшілердің қозғалуы мүмкін жерлерде жанын салып,  күрескендердің көргендері,  басынан өткендері, сезінгендері басқаша.

Енді мәжілістегі тексеру комитетінің есебін сылтау қылып көрсетіп,  төңкерісшілермен бір желіде жүргізген саясатын жасыруға тырысуда.

15 шілде күні түнде мәжілісте батыл түрде төңкерісшілерге қарсы тұрған,  шыныменен елінің,  ұлтының,  демократияның қатарында орын алған Республика халық партиясының депутаттарын қосып айтпаймын.

15 шілде күнгі оқиға бақылау астындағы төңкеріс емес еді,  бірақ Республика халық партиясының басындағы осы кісі басшылыққа бақылаумен келтірілді және сол күннен бері де өзін сол міндетке келтіргендерге берік болып қызметін жалғастыруда.

Оның сол түні қайда,  не істегені барлық құжаттарымен, суреттерімен, куәгерлерімен айдан анық.  Ол сонда да көшеге шыққан миллиондаған адамға балағат сөз айтқандай төңкерісшілер үшін жолға шығып шеру ұйымдастырған осы кісі үшін не айтсақ бос.

Дәл фетуллахшылар секілді бұл кісі де өзіне берілген міндетті орындауда.

Ол барып фетошылармен, террористтермен жүрсін.

Біз еліміз үшін, еркіндігіміз үшін болашағымыз үшін ұлтымызбен бірге жүруді жалғастырамыз.

Бауырларым,

15 Шілдені ұмытпау және ұмыттырмау - тек шейіттерімізге,  шейіт жақындарына және ардагерлерімізге ғана емес,  тарихымыз алдындағы ең үлкен жауапкершілігіміз.

15 шілденің бізге берген сабақтарын дұрыс түсінбесек, басымызға жаңа 15 шілделер келу ықтималынан қашып құтыла алмаймыз.

Оның үстіне келесі 15 шілдеде жаудың алдымызға қай ойындармен шығатынын,  кімдерді қолданатынын біле алмаймыз

Мұсылман ақылды адам. Бір қатені екінші рет қаталамайды

15 шілдені ұйымдастырғандардың мақсатының не екені, 15 шілдені жасағандардың да қандай күшке жеткендері анық.

Осы шындықтарды сіз де,  біз де жақсы білеміз.

15 шілдені әрбір еске алу бізді шейіттерімізді еске алып,  шейіт жақындары және ардагерлерге ризашылығымызды білдірумен қоса осы тақырыпта қаншалықты жетістікке жеткенімізге есеп беруге де бағыттауы керек.

Енді сіздермен 2016 жылғы 5 шілде күнінен бері не болғанына бір көз жүгіртейік.

Төңкеріс әрекеті бастырылғаннан кейін елімізге осы опасыздықты жасаған ұйымның мүшелерімен күресті бастадық. Алдымен осы ұйымның мемлекеттік органдарында жұмыс істейтін мүшелері мен басқа да анықталған барлық мүшелерін жедел түрде әшкереледік.

Қазірге дейін Түрік Қарулы күштері,  полиция органдары,  білім беру, денсаулықты сақтау министрліктері, сот және университеттер сынды мемлекеттік органдармен байланысы үзілген фето мүшелерінің саны 111 мыңға жақындады.

Жұмыстан алынған 38 мың адамға байланысты тексеру жүріп жатыр.

Төңкеріс әрекеті болған күннен бүгінге дейін 134 мыңға жуық адам қамауға алынып тергелді және бұлардың 50 мың 400-і тұтқындалды. 

Қашып жүрген 8 мың 500-ге жуық адамға байланысты ұстау үкімі берілді.

Фетомен байланысы бар екені анықталған үкіметтік емес қоғамдар,  фонд,  мектеп, дәрісхана, кәсіподақ, университеті, медиа органы секілді 5 мыңдай мекеме жабылды.  Дәулетті мемлекеттік қазынаға өткізілді.

Аталмыш ұйым азаматтарымыздан айла-амалмен нені тартып алған болса,  барлығы негізгі иесіне тапсырылды.

Осы опасыз ұйыммен байланысы бар екені анықталған, саны мыңға жететін жеке меншік компанияға да мемлекет тарапынан басқарушы тағайындалып,  бақылауға алынды.

Тек Фето емес,  медальдің екі жүзі болғандай онымен бірге жүрген Пкк террорлы ұйымы үшін де осындай шаралар жүргізілді.

Фетоге байланысты соттық істерде енді үкімдер беріле бастады.

Елімізге опасыздық жасаған ешбір сатқын жазасыз қалмайды. Бұған кәміл сеніңіздер.

Өзіне қызмет еткенді басының тәжі қылатын түрік ұлты сатқындық жасағанның басын езуден де ешқашан тайсалмайды.

Шейіттеріміздің рухы біздің жүрегімізде мәңгі жасайды,  ал опасыздарды әрқашан жек көрушілікпен еске аламыз.

Мұқият қараған болсаңыз,  15 шілде күнгі төңкеріс бастамасына қатысқандардың бетінде кішкентай да болса өкініш көре алмайсыз.

Фето құрылымындағы басқа кісілердің де жағдайы осындай.

Яғни бұлар білмей емес,  елімізге қасақана түрде,  әдейі шабуылдады.

Түрік ұлты кешірім сұраған адамға қаншама мейірімді болса,  сатқындығын, опасыздығын жалғастырғандарға да соншама қатал.

Сол опасыздардың түрмелерде қабырғалардың артында жатып осыларды ойланатын көп уақыттары болады.

Ел және ұлт ретінде біз де 15 шілдеден алған сабақтардың жарығында жолымызды жалғастырамыз.

Раббым жар болсын,  көмекші болсын.

Раббым бізді осындай опасыздықтардан,  әртүрлі жаудың шабуылынан,  жер мен көктен келетін апаттардан сақтасын.

Сөзімді марқұм Ариф Нихат Асияның мен сүйетін дұғасымен аяқтағым келеді.

 

Иа, мені осындай ұлттың бір перзенті ретінде жаратқаны үшін Алла Тағалаға шүкір етемін.

15 шілде шейіттерінің құрметіне тұрғызылған екі ескерткіштің бірі дәл қасымыздағы Шейіттер мекенін ашамыз.

Шейіт жақындары және ардагерлермен бірге осы ескерткішті ашқаннан кейін ұшақтармен бомбаланған уақытында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі алдында өтетін мерәсімге қатысу мақсатымен Анкараға қарай жолға шығамыз.

Бештепе Ұлт мешітінде оқылатын таңғы намаздан кейін Президенттік сарай алдына тұрғызылған Шейіттер ескерткішінің ашылу салтанатына қатысамыз.

Бүгін түнде 00,13-те оқылған азандармен бүкіл Түркияда Ұлттық бірлік шерулері мен демократия күзеттері басталады.

Демократия күзеттері ертең түнгі 00-ге дейін жалғасады.

Тағы бір рет 15 шілде және терроризммен күрестегі шейіттерімізге Алладан рақым,  жақындары мен ұлтымызға сабыр тілеймін.

Ардагерлерге денсаулық тілейміз.

15 шілде оқиғасының бір жылдық еске алу шараларына қатысып,  шейіттердің рухы, ардагерлер, елі,  мемлекеті,  деморатияның болашағын қорғап қалған ұлттымыздың әрбір перзентіне алғысымды білдіремін.

Сіздерге сүйіспеншілік және құрметпен сәлем жолдаймын

Аман болыңыздар.



Ұқсас жаңалықтар