НАТО-дан 15 шілде хаты

Столтенберг жазбаша мәлімдеме жариялады.

НАТО-дан 15 шілде хаты

Төңкеріс әрекетінің бірінші жылдығына байланысты жазбаша хат жолдаған НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг 15  шілде күні түнде төңкеріс әрекетінен кейін НАТО-ның беделді одақтасы Түркияның жанында болғанын, оқиғаны айыптағанын еске салды. 

Столтенберг төңкеріс әрекетінен кеййін Анкараға келгенін де еске салып, "Төңкерісшілер тарапынан мәжіліс ғимаратына берілген зиянды көргенімдегі шокты әлі ұмыта алмадым" деген сөздер қолданды.

Сол түні қаза тапқандарды құрметпен еске алатынын білдірген Столтенберг былай деп жалғастырды: "НАТО мүшелерінің ешбірінде демократияға зиян келтіретін ешбір бастамаса қабылданбайды. Түркияның сайланған үкіметіне және демократиялық органдарына бағытталған осы опасыз әрекетке тойтарыс берген түрік халқын құттықтаймын"

 



Ұқсас жаңалықтар