Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан хат

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы 15 шілдеге байланысты хат жолдады.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан хат

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай түрік халқына хат жолдады.

Аталмыш хатта өткен жылғы төңкеріс әрекеті айыпталды.

Ұйымның бас хатшысы Юсуф әл Усеймин Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің43-ші жиналысында 2016 жылдың қазан айында қабылдаған қарарын еске салды.

Усеймин түрік үкіметі және халқынның елдегі қиындықтармен күресуде табысты болуын тіледі.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 43-ші жиналысында Фетуллахшы террор ұйымы террорлық ұйым деп жарияланып,  мүше елдерге террордың барлық түріне қарсы күресте ынтымақтастыққа шақыру тасталған еді.

Ұйым сонымен бірге Фетуллахшы террор ұйымының түрік атазаңы, үкіметі және халқы мен президенті Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған төңкеріс әрекетін айыптаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар